DataLife Engine / Ақтөбеде түрік жігіттеріне тұрмысқа шығатын қазақ бойжеткендері көбейген

Ақтөбеде түрік жігіттеріне тұрмысқа шығатын қазақ бойжеткендері көбейген

Ақтөбеде түрік жігіттеріне тұрмысқа шығатын бойжеткендер көбейіп бара жатыр деп хабарлайды өңірден nur.kz тілшісі.

Қазір қазақ қыздарының шетел азаматтарына деген махаббаты басылған. АХАЖ қызметкерлері шетелдіктермен некесін қидыратын бойжеткендердің жыл санап азайып келе жатқандығын айтады. Бірақ, ақтөбелік нәзік жандылардың түрік жігіттеріне деген махаббаты басылмаған. АХАЖ мәліметінше, Анталия мен Ақтөбе арасында той көп.

«Түрік азаматтарымен некесін қидыруға келетін қыздар көп. Ондай тойлар жиі болады деп айтуға әбден келеді. Барлығы 30 жасқа дейінгі бойжеткендер. Сонымен қатар, бізде ресейлік азаматтармен некеге отыртындар көп. Өзбек, украин азаматтарымен де неке қидыруға келетіндер жоқ емес. Өткен жылы Ақтөбеде қытайлық азаматпен некесін қидырған бір жұп болды. Жігіт Қытай елінің азаматы болғанымен, ұлты қазақ», - дейді Ақтөбе қалалық АХАЖ қызметкерлері.

Мамандардың мәліметінше, 2014 жылы Ақтөбеннің 150 бойжеткені шетелдік азаматпен некесін қидырса, 2015 жылы бұл өңірдегі нәзік жандылардың шетелдіктерге деген махаббаты 144 неке болып қысқарған.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

ФОТО: ILIVE.COM.UA, дереккөзі
23.01.2016
Вернуться назад