DataLife Engine / АҚШ штатының бірінде мұнай бағасы нөлден төмендеді

АҚШ штатының бірінде мұнай бағасы нөлден төмендеді

АҚШ штаты Солтүстік Дакотада мұнай күрт құнсызданды, деп хабарлайды Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары.

Штатта мұнай өңдеумен айналысатын Flint Hills Resources компаниясы, егер жоғары күкіртті мұнайдың әр барреліне 50 центтен қосымша төлейтін болса North Dakota Sour мұнайын сатып алуды ұсынды, деп жазады Bloomberg.

Бұл ретте бір жыл бұрын мұнай баррелінің бағасы 13,5 долларды құраған, ал 2014 жылғы қаңтарда — 47,6 АҚШ долларын құраған.

Шикізаттың арзан бағасы мұнайдың нақты сұрыптарын тасымалдау мен өңдеу бойынша қуаттылықтың жеткіліксіздігімен байланысты.
19.01.2016
Вернуться назад