DataLife Engine / MC Сайлаубек түсініксіз тілдегі бейнебаянын жарыққа шығарды (видео)

MC Сайлаубек түсініксіз тілдегі бейнебаянын жарыққа шығарды (видео)

«Жломана симана» деп ән салып, танымал болып шыға келген МС Сайлаубек жаңа бейнебаян түсірді деп хабарлайды Stan.kz.

Full of me деп аталатын туындының әзірге тек Demo нұсқасы жарыққа шыққан. Атауы ағылшынша болғанымен, ән мәтіні әдеттегідей түсініксіз тілде жазылған.


[media=https://www.youtube.com/embed/lJxY3PxYbZ0]

Желі қолданушылары: «өзінің өлеңін сөзін ұмытып қалатын шығар бұл», «клиптің де, сөзінің де мағынасы жоқ», «біздің тілге аударып беріңдерші», «осыны да клип деп шығарады», «түсінікті тілде айтпай ма?» – деп сынады.

Алайда аталмыш туындыға «хит» деп баға берген оқырмандар да бар.

Айтпақшы аппақ киім киген Сайлаубек бейнеклипте аппақ жиҺаздың үстінде отырып "ән" айтқан. Жұрт мұны клип емес, жиҺаз жарнамасы болуы мүмкін деп болжады.
11.09.2016
Вернуться назад