DataLife Engine / Ұстаздардың жалақысы 2016 жылы 43-66 пайызға дейін өседі

Ұстаздардың жалақысы 2016 жылы 43-66 пайызға дейін өседі

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі мұғалімдердің жалақысы артатыны белгілі. Ол үшін ел үкіметі 200 млрд теңге қаражат бөліп отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов педагогтардың кәсіби мерекеге арналған шарада мәлім етті-деп хабарлайды baq.kz.

«Елбасымыздың тікелей қолдауымен 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі білім беру саласы мамандарының жалақысы көбейеді. Оның жаңа моделі жүйеге енді. Ол ұстаздардың білім деңгейіне, санаты мен сапасына байланысты бағаланатын болады. Жалпы, ұстаздардың жалақысы 44 пайызға артады. Ал, жоғары білімі мен жоғары санатты дәрежелі педагогтердің жалақысы 66 пайызға, жоғары білімі мен бірінші санаттағы ұстаздардыкі 51 пайызға, орта білімі мен жоғары санатты мамандардыкі 64 пайызға, ал орта білімді және жоғары санатты ұстаздардың жалақысы 41 пайызға көтеріледі. Үкімет осы мақсатта республикалық бюджеттен 200 млрд теңге қаражат бөліп отыр», — деді министр.

Кәсіби мерекеге арналған осынау шарада А.Сәрінжіпов елдегі 297 мың мектеп оқытушысы мен 45 мың колледж ұстазы арасынан ең үздік деп танылған мұғалімдерді мараппаттады.

Министр байқаудың жеңімпаздарына «Үздік педагог» медалін табыстап, техникалық және кәсіптік мамандық бойынша үздік атанған мұғілімдерге «Үздік педагог — 2015» атағын берді. Ал, ардегер ұстаздарға «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін, «Еңбек ардегері» медалін табыстады.

дереккөзі
31.12.2015
Вернуться назад