DataLife Engine / Желіге жартылай жалаңаш суретін салған Есентаева “тәрбиешілеріне” бас салды

Желіге жартылай жалаңаш суретін салған Есентаева “тәрбиешілеріне” бас салды

Жаңа жылды Таиландта қарсы алып, демалысын шетелде жалғастырып жатқан продюсер Баян Есентаева желіге жартылай жалаңаш суреттерін салды.

Ұят қайда, Баян Мақсатқызы? Жасыңыз қырыққа келді ғой. Тәрбие мүлдем жоқ”, – деп суретінің астына жазба қалдырған продюсерге желі қолданушыларының түрлі пікірі қаптап кетті.

Желіге жартылай жалаңаш суретін салған Есентаева “тәрбиешілеріне” бас салды


Есентаева ғаламтор қолданушыларының өзінен мін іздеп, жастарға берер тәрбиесі жоғын айтқан сөздеріне үнсіз қала алмады. Продюсер тәрбие бергісі келген жазылушыларына бас салды. Ол оқырмандарына өзін тәрбиелеудің кеш екенін айтқан.

“Мен өмірімдегі кей сәттерімді сіздермен бөлісіп отырмын. Мені қайта тәрбиелеу тым кеш. Одан да мені осы жаратылысыммен қабылдауға тырысыңыздар, немесе бұған бас қатырмай-ақ, парақшамнан шығып кетіңіздер”, – деп жазды Есентаева Instagram парақшасында.

Фото: Instagram, дереккөзі
08.01.2016
Вернуться назад