DataLife Engine / Петропавлда нан бағасы 90 теңгеге жақындап қалды

Петропавлда нан бағасы 90 теңгеге жақындап қалды

Еліміз бойынша ең қымбат нан бағасы Петропавлда. Қазірдің өзінде халық ең көп қолданатын "Ерекше Петропавлдық" деп аталатын бір бөлкенің құны 86 теңгеге дейін жеткен.

Шарықтаған ас атасының бағасына, әсіресе, зейнеткерлер наразы деп хабарлайды 31 арна.

Петропавлдық зейнеткерлер соңғы уақытта бағаның бірнеше рет өскеніне қапалы. Өйткені, жиі өскен нан бағасы қалтамызды қағып жатыр дейді. Астықты аймақта нан бағасының қымбаттауы ақылға сыймайтынын айтады.

Ал өңірдегі ең ірі өндіруші - "Петропавл нан-тоқаш комбинаты" "Ерекше Петропавлдық" нанының қымбаттауын арнайы технологиялар бойынша әзірленуімен байланыстырады. Тағы бір себеп, нанды әзірлеуге жоғары сұрыпты ұн қосамыз дейді. Жыл басында аталмыш нан 65 теңге болса, жылдың ортасына қарай 80 теңгеге өскен. Әкімдіктегілер құбылған нан бағасын бақылауға қауқарсыз.

"Ерекше Петропавлдық" деп аталатын бұл нан 4 теңгеге көтерілді. Бірқатар бағаны өсірдік. Бұл бидайдың қымбаттауына да байланысты. Оған қоса басқа да желілердің бағасы өсіп нанның бағасын қымбаттатуға тура келді", - дейді Петропавл нан-тоқаш комбинатының директоры Ерлан Қайшыбеков.

ФОТО: ALTAYNEWS.KZ, дереккөз
21.09.2016
Вернуться назад