DataLife Engine / “Астананың” жастар командасы “Атлетикодан” ойсырай ұтылды

“Астананың” жастар командасы “Атлетикодан” ойсырай ұтылды

УЕФА Чемпиондар лигасының жасөспірімдер арасындағы біріншілігінде «Астана» U-19 командасы Мадридте «Атлетиконың» бозбалаларынан оңбай жеңілді.

Алаң иелері бұл кездесуде 7:1 есебімен жеңіске жетті. Роберто Нуньес пен Хуан Морено дубль жасаса, Лукас, Кейнти Баре және Саломон бір-бір голдан соқты.

«Астана» сапынан жалғыз голды Ілияс Қуанышбай енгізді. Бұл гол қазақстандық команданың осы турнирдегі алғашқы голы.

Мұның алдында Константин Котов шәкірттері «Бенфикадан» 0:2, «Галатасарайдан» 0:3 есебімен жеңілген болатын.
21.10.2015
Вернуться назад