DataLife Engine / WhatsApp-та жіберілген хабарламаны қайтарып алуға болады

WhatsApp-та жіберілген хабарламаны қайтарып алуға болады

WhatsApp желісінің жаңа нұсқасы жіберілген хабарламаны өңдеп, түзетуге және жоюға мүмкіндік береді, деп хабарлайды baq.kz.

Қолданушылар WhatsApp мессенджерінің жаңа нұсқаларында абайсызда немесе қателесіп жіберілген хабарламаларды өшіріп тастай алады.

WABetaInfo Twitter-шағын блогының мәліметінше, iOS арналған WhatsApp-тың бета-нұсқасында жіберілген хабарламаны өңдеп, түзетуге (Edit) немесе қайтарып алуға (Revoke) мүмкіндік пайда болды.

Бұған дейін де WhatsApp-тағы жазбаларды жоюға болатын, бірақ хабарламалар сол құрылғыда ғана өшіп, чаттың қалған қатысушыларында сақталып қалатын.

Бір айта кетерлігі, мұндай өзгеріс мессенджердің қарапайым нұсқасы үшін қашан қолжетімді болатыны әзірге белгісіз.
28.12.2016
Вернуться назад