DataLife Engine / Австрияда «Маккаби» ойыншыларын алаңда соққыға жықты (ВИДЕО)

Австрияда «Маккаби» ойыншыларын алаңда соққыға жықты (ВИДЕО)

«Лилль» мен «Маккаби» арасындағы жолдастық кездесу кезінде француз жанкүйерлері мен израиль ойыншылары арасында қақтығыс орын алды, деп хабарлайды Marca.

Жанжалға себеп болған, франциялық жанкүйерлер трибунаға Плестинаның туын іліп, «Маккаби» футболшыларын балағаттаған. 10-15 адамнан тұратын бұзақылар тобы жасыл алаңға шығып израильдік футболшыларды соққының астына алған. Қақтығыс кездесудің 82-ші минутында орын алды, ол кезде «Лилль» 2:0 есебімен жеңіп келе жатқан.

Клуб өкілдері мәлімдегендей, футболшылардың ешқайсысы ауыр жарақат алмаған.

[media=https://www.youtube.com/watch?v=pg1aloLX24A]
25.07.2014
Вернуться назад