DataLife Engine / Алғаш қазақ тіліндегі браузерлік ойын, Көшпенділер (Nomads)

Алғаш қазақ тіліндегі браузерлік ойын, Көшпенділер (Nomads)

Тұңғыш қазақстандық «NOMADS» браузерлік рөлдік ойыны тарихи деректерге сүйеніп жасалды. Ойында халқымыздың бірнеше тарихи тұлғаларының бейнесі қамтылған. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифигінде KazBussinesMedia Қоғамдық қорының төрағасы Асқар Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz тілшісі.

«NOMADS» браузерлік рөлдік ойынын құрастыру барысында Қазақстан тарихының деректеріне сүйендік. Деректерді негізге ала отырып, ұлтымыздың даңқты тұлғалары туралы мәліметтерді ойынға қостық. Ойын мәзірінде арнайы «Даңқ» бетін аштық. Ол бетте хандар мен билер, батырлар туралы мәліметтерді де кездестіре аласыз», — деді А.Омаров.

Айта өтейік, бүгін Астанада тұңғыш қазақстандық «NOMADS» браузерлік рөлдік ойыны таныстырылды. Аталған ойын 10 жастан асқан балалар мен ересектерге арналған. Ойын негізінен қазақ халқының батырлары мен қолбасшыларының ерлігін дәріптеуге арналған. Тарихи деректерге сүйене отырып жасалған бұл ойында батырлардың қарулары мен тарихи тұлғасы мейлінше шынайы суреттелген. Браузерлік бұл ойын қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Сонымен қатар, алдағы уақытта Android және iOS үшін арнайы қосымшалары жарық көреді.
--Нұрсерік ЖОЛБАРЫС


Кейін ойының ерекшелітерін және толықтай шарлап шығып таныстырамын, Әзірге осы сілтеме арқылы өтіп ойнап көруге болады.
16.05.2014
Вернуться назад