DataLife Engine / Назарбаев: Қасиетті жеріміз көкте де, жерде де, суда да сенімді қорғалған

Назарбаев: Қасиетті жеріміз көкте де, жерде де, суда да сенімді қорғалған

Қазақстанның Қарулы Күштері еліміздің құдыретін әйгілеп, айбынын асырып келеді.

Бұл туралы бүгін Астанадағы "Қазақ Елі" монументі алдындағы алаңда Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеруде ҚР Президенті - Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

"Құрметті отандастар, офицерлер мен сарбаздар, жиырма екі жыл бұрын дәл осы күні Мен "Қазақстан Қарулы Күштерін құру туралы" Жарлыққа қол қойдым. Содан бері бұл күн Қазақстан армиясының күні болып мерекеленеді. Ата-бабаларымыз кейінгі ұрпаққа дәуірлерге жалғасқан бақ жолын, ерлік қасиетін бізге мирас етті. Біздің бүгінгі армиямыз тарихымыздағы батыр бабалардың мұрагері.Қарулы Күштеріміз еліміздің құдыретін әйгілеп, айбынын асырады", - деді Президент.

"Қасиетті жеріміз көкте де, жерде де, суда да сенімді қорғалған. Еліміздің армиясы - нағыз бес қаруы сай әскер. Бүгінгі әскери шеру осының дәлелі болса керек", - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдарында еліміз кәсіби әскер құрғанын, ел мүддесіне толық сай келетін әскери Доктрина қабылданғанын атап өтті.
08.05.2014
Вернуться назад