DataLife Engine / Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов Еуропа чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов Еуропа чемпионы атанды

Ұлыбританиядағы Шеффильде жерлесіміз Жанат Жақиянов француз боксшысы Карим Гуерфиді бесінші раундта нокаутқа түсіріп, одан Еуропа чемпионы титулын тартып алды.

[media=https://www.youtube.com/watch?v=OK7q__iWg5U]


Осылайша, қазақстандық спортшы Еуропаның жаңа чемпионы атанды. Оның есебінде 22 жеңіс болды, оның 15-і мерзімінен бұрын аяқталды.

Айта кетейік, Жақияновтың секундшысы әлемдік бокста аты аңызға айналған британдық Рикки Хаттон болды, ол сондай-ақ осы кешті ұйымдастырған еді.

Енді жеңіл салмақ дәрежесі бойынша Еуропа чемпионы атанған былғары қолғап шебері Жанат Жақиянов WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулын жеңіп алу үшін бақ сынай алады.

Қазір оған жапондық Шинсуке Яманака ие. Ал Жақиянов WBC рейтингісінде әзірге алтыншы орында. Алайда, осы жеңісінен кейін ол жоғары деңгейлерге көтеріледі деген үміт бар.
27.04.2014
Вернуться назад