DataLife Engine / "Google" өзінің "ақылды" көзілдіріктерін жаппай сатылымға шығарды

"Google" өзінің "ақылды" көзілдіріктерін жаппай сатылымға шығарды

"Google" компаниясы өзінің "Glass" көзілдіріктерін сатып алуға ниетті барлық адамдар үшін жаппай сатылымды ұйымдастырмақ.

Бұған дейін бұл көзәйнектер сатып алу құқығына ие тек тестерлер үшін ғана қолжетімді болған еді. Бұл шара 15 сәуірде өтеді және ол тек бір күнге ғана жалғаспақ. Осы күні "Google" компаниясының ақылды құрылғысын алуға ниеттілерге көзілдірікті сатылып алу мүмкіндігі болады.

Акция тек АҚШ азаматтарына ған таралады, осыған байланысты компания бұл шектеуге байланысты кешірім сұрап отыр, деп жазады шетелдік БАҚ. Атап айтқанда, көзілдіріктің құны 1,5 мың долларға бағалананып отыр, ал олардың саны шектеулі.

Сарапшылардың пайымынша, "Google" қоймада қалып қойған құрылғыларды өткізіп тастауға ниеттеніп отыр. Жақын арада компания "Google Glass" көзәйнектерінің жаңа нұсқасын ұсынуы мүмкін. Бұл құрылғы жоғары сапалы фотосуреттерді түсіріп, бейне жазбаларды және басқа да қызметтерді жүзеге асыра алады.
14.04.2014
Вернуться назад