DataLife Engine / Қазақстан Қырғызстанға 100 млн доллар бермек

Қазақстан Қырғызстанға 100 млн доллар бермек

Қазақстан Қырғызстанға техникалық көмек ретінде 100 млн доллар береді деп хабарлайды centralasian.org.

Бұл келісімге Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қол қойылды. Осылай деп Қырғызстанның вице-премьер-министрі Олег Панкратов мәлімдеді.

Оның сөздерінше, келісімге осыған дейін қол жеткізген. Бірақ құжатқа қол қою созылып келген. Бұл ақша бақылау-өткізу бекеттеріндегі жағдайды жақсарту үшін және ЕАЭО талаптарына сай зертхана орналастыруға бөлінген.

26 желтоқсанда Санкт-Петербургте Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың кеңесі өтті. Онда ЕАЭО-ның Кедендік кодексіне қол қойды. Кодекс 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.
29.12.2016
Вернуться назад