DataLife Engine / Тоқтар Серіковті ауыл ақсақалы неліктен балағаттап кеткен?

Тоқтар Серіковті ауыл ақсақалы неліктен балағаттап кеткен?

Танымал әнші Тоқтар Серіков өзінің жеке концертінде неліктен ауыл ақсақалының ашуына тигенін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы әнші өзінің жеке концерті кезінде айтты.

Әншінің айтуынша, Қарағанды облысына жасаған гастрольдік сапары кезінде ол өте қызықты оқиғаға тап болған.

Ән салып тұрған әншінің жанынан бір ақсақал өтіп бара жатып, оны балағаттап кеткен екен.

"Оның мені неліктен елдің көзінше әкемнен боқтап кеткенін білгім. Ақсақалды тоқтатып, одан мән-жайды сұрадым", - деді ол.

"Сөйтсем ақсақалымыз менің "Көршінің қызын" айтпағаныма ренжіпті ғой", - деген ол сахнада халық сүйіп тыңдайтын "Көршінің қызы" әнін орындап берді.
03.01.2017
Вернуться назад