DataLife Engine / Қырым Ресей Федерациясының құрамына қосылды

Қырым Ресей Федерациясының құрамына қосылды

Кремльде Қырым мен Севастопольді Ресей Федерациясының құрамына қабылдау туралы келісім-шартқа қол қою рәсімі өтті.

Бүгін Ресей президенті Владимир Путин федералдық кеңеске Қырым Республикасын және Севастополь қаласын Ресейдің құрамына қабылдау туралы конститутциялық заңды қарастыруды тапсырды.

"Сіздерден Қырымның және Севастопольдің Ресейдің құрамына қосылуы туралы келісім-шартты бекітуді сұраймын. Мені қолдайтындарыңызға сенім білдіремін", - деп мәлімдеді Владимир Путин бүгін федералдық Кеңесте сөйлеген сөзінде.

Айта кетейік, 16 наурызда Қырымда аймақтың Ресей құрамына кіруі туралы референдум өткен. АҚШ пен Еуропа Одағы референдумды "Украинаның және халықаралық құқықтың нормаларына қайшы" деп, оның нәтижесін мойындаудан бас тартқан.
19.03.2014
Вернуться назад