DataLife Engine / Денис Тен Қазақстан қоржынына Сочи Олимпиадасының алғашқы медалiн салды (видео)

Денис Тен Қазақстан қоржынына Сочи Олимпиадасының алғашқы медалiн салды (видео)

20-жасар қазақстандық мәнерлеп сырғанаудан Сочиде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Сочидегi қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қола медальді жеңiп алды.

Қысқа бағдарламада 84,06 ұпаймен тоғызыншы орынға ие болған Денис еркiн бағдарламада 171,04 ұпай жинап, жалпы есепте 255,10 ұпаймен үшiншi орынға ие болды.

Бiрiншi орын жапондық спортшы Юдзуру Ханюға (280,09) бұйырса, күмiс жүлде канадалық Патрик Чанның (275,69) еншiсiнде кеттi.

20 жастағы Тен 2013 жылғы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 7-ші қысқы Азия ойындарының чемпионы, ISU қамқоршылығымен өткен әртүрлі халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы атанған.

Сондай-ақ, жас спортшы Қазақстанның үш мәрте чемпионы болды, ол - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, "Астана" кәсіби Президенттік Клубының мүшесі.

[media=https://www.youtube.com/watch?v=voTXDapULTo]
15.02.2014
Вернуться назад