DataLife Engine / Доллардың бағамы 185 теңге көлемінде болады

Доллардың бағамы 185 теңге көлемінде болады

ҚР Ұлттық банкі теңгенің бұрынғы деңгейін сақтап тұрудан бас тартты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

"ҚР Ұлттық банкі 2014 жылдың 11 ақпанынан бастап теңгенің бұрынғы деңгейін сақтап тұрудан, валюталық интервенциялардың көлемін азайтудан, теңгенің айырбас курсын құру процесіне араласудан бас тарту туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Ұлттық банк теңгенің жаңа бағамында 1 АҚШ доллары 185 теңге төңірегінде болады деп есептейді деп жазады BNews.kz.
11.02.2014
Вернуться назад