DataLife Engine / Күрзі соққы. Геннадий Головкин кезекті қарсыласын оңай ұтты (Видео)

Күрзі соққы. Геннадий Головкин кезекті қарсыласын оңай ұтты (Видео)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Генадий Головкин Монакода өзінің кезекті 29 кездесуін өткізді.

Ганалық Осуман Адама кездесу барысында екі рет нокдаун алды. Ал жетінші раундта Головкиннен бірнеше соққылар сериясын өткізіп алған соң, төреші кездесуді бірден тоқтатты.

Осылайша Головкин WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын тоғызыншы рет, ІВО бойынша чемпиондық атағын жетінші рет қорғап қалды.

Головкин ендігі кездесуін сәуірде Нью Йорк қаласында өткізеді. Оның қарсыласы әзірге белгісіз.

02.02.2014
Вернуться назад