DataLife Engine / Криштиану Роналду жыл ойыншысы атанды

Криштиану Роналду жыл ойыншысы атанды

Криштиану Роналду World Soccer нұсқасы бойынша 2013 жылдың "Үздік ойыншысы" аталымына ие болды.

Дауыс беру нәтижесі бойынша "Реалдың" шабуылшысы 1075 ұпай жинады.

Екінші орын 926 ұпаймен Лионель Мессиге бұйырды.

870 ұпаймен Франк Рибери үшінші орынға ие болса, 658 ұпаймен Златан Ибрагимович төртінші орынды қанағат тұтты.

Үздік бестікті 324 ұпай жинаған Арьен Роббен тәмамдайды.
14.12.2013
Вернуться назад