DataLife Engine / "Гарри Поттер" мен "Властелин колец" қазақ тіліне аударылады

"Гарри Поттер" мен "Властелин колец" қазақ тіліне аударылады

Елімізде "100 кітап - 100 книг" жобасының алғашқы кезеңі аяқталды. Байқау қорытындысына сәйкес, мемлекеттік тілге аударылатын 100 кітаптың тізімі бекітілді.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында жобаны ұйымдастырушылар мәлімдеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, рейтинг бойынша көш басында "Властелин колец", "Зеленая миля", "Над пропастью во ржи" атты кітаптар тұр.

Байқауға ұсынылған тізімге қазіргі заманғы әдебиеттің бес жүзге жуық шығармасы енгізілген. Оған мыңнан астам қатысушы қатысып, өздері тарапынан қосымша үш жүздей оқулықты енгізуді өтінген.

"Оқырмандарды қазіргі таңда, қазіргі заманға сай бестселлер қызықтырады. Өзінің қараңыз, "Властелин колец", "Гарри Поттер", "Зеленая миля" дейді, мұның бәрі экранға шығарылған, кітапқа сүйенген кинофильмдер. Сондықтан, алдыңғы қатарда бестселлер шығармасы болып тұр", - дейді "Болашақ" қауымдастығы атқарушы директорының орынбасары Ермек Мақашев.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш жоба Елбасының 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы халыққа арнаған Жолдауынан туындаған. Мемлекет басшысы қазіргі заманға кем дегенде жүз кітаптың тізімін жасауды және оларды қазақ тіліне аудару туралы жаңашыл ой тастаған болатын. Бұл жоба 15 қазаннан бастау алып, 15 қарашада мәреге жетті.
21.11.2013
Вернуться назад