DataLife Engine / Путин және Назарбаев жаңа келісімшартқа қол қояды

Путин және Назарбаев жаңа келісімшартқа қол қояды

РФ президент Владимир Путин және Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Екатеринбургте екі елдің ұзақмерзімді стратегиялық серіктестігін нығайтатын XXI ғасырдағы көршілік және одақтастық туралы жаңа келісім-шартқа қол қояды, деп хабарлайды "Қазақстан Жаңалықтары" ақпараттық агенттігі.


Путин және Назарбаев сауда-экономикалық байланысты күшейту болашағын, ғарыш саласындағы ынтымақтастықты талқылайды және Қазақстан мен Ресейдің Х өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысатын болады.

Іс-шара мемлекет басшыларының екіжақты келіссөздері, жалпы отырыс және бірлескен құжаттарға қол қоюы түрінде өтеді деп болжануда. "Сыртқы істер министрліктері басшылығымен біздің ведомстволар даярлаған өте маңызды саяси құжатқа қол қойылады, ол "Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы арасындағы 21 ғасырдағы көршілік және одақтастық туралы келісім-шарт " деп аталады.

"Бұл түрлі бағыттар бойынша біздің елдердің арасындағы байланыстар сүйенетін жаңа негізгі құжат ", - деді РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков.
11.11.2013
Вернуться назад