DataLife Engine / Назарбаев "Болашақ" бағдарламасының он мыңыншы стипендиясын табыс етедi

Назарбаев "Болашақ" бағдарламасының он мыңыншы стипендиясын табыс етедi

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Болашақ" бағдарламасының он мыңыншы стипендиясын табыс етедi деп мәлімдеді "Нұр Отан" партиясының Қоғамдық саясат институтының басшысы Саясат Нұрбек.

" 7 қараша күнi республикалық комиссияның қорытындысы шығады және он мыңыншы "Болашақтықтың" есiмi бiрер күндерде белгiлi болады. Маған жеткен ақпарат бойынша, 29 қараша күнi ҚР Президентiнiң қатысуымен "Болашақ" стипендиясының мерейтойлық форумы өтедi. Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев он мыңыншы стипендияны табыс етедi деп жоспарлануда", - деді Нұрбек "Болашақ" бағдарламасының тиімділігін бағалау" атты зерттеу нәтижесінің қорытындысы мен ғылыми монография жобасын таныстыру барысында.

Оның айтуынша, жалпы 20 жылда 9500-ден астам стипендия тағайындалған.
05.11.2013
Вернуться назад