DataLife Engine / 2016 - 2017 оқу жылы грант иелерi 12 тамызға дейiн белгілі болады

2016 - 2017 оқу жылы грант иелерi 12 тамызға дейiн белгілі болады

Білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссия бүгiн жұмысын бастады. Комиссия мүшелерi 12 тамызға дейiн жұмысын қорытындылап, грант иелерiн 12 тамызға дейiн жариялайды, деп хабарлайды Baq. kz.

«Білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссия 4 - 8 тамыз аралығында жұмыс iстейдi. 12 тамызға дейiн қорытынды шығарылып, БАҚ беттерiнде жарияланады», - дедi бүгiн комиссияның алғашқы отырысында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев.

Комиссия құрамына мемлекеттік органдар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және жоғары оқу орындарының ректорлары кiрiп отыр.

Биылғы жылы 31 702 грант бөлiнген. Оның iшiнде 2 950 орын жоғары оқу орындарының дайындық бөлiмшелерiне, 28 752 грант күндiзгi бөлiмге қарастырылған. Конкурсқа 59 677 түлек қатысып жатыр.

12 593 грант техникалық және технологиялық, 5 мыңға жуық грант педагогикалық, 2 690 грант ауыл шаруашылығы және ветеринарлық, 3 мың грант медициналық мамандықтарға бөлiндi. Бiлiм гранттарын орналастыру мүмкiндiгiне биыл 87 жоғары оқу орны ие болды.

дереккөзі
07.08.2016
Вернуться назад