DataLife Engine / Головкин өзін жеңген боксшының отбасына 25 мың еуро сыйлады (фото)

Головкин өзін жеңген боксшының отбасына 25 мың еуро сыйлады (фото)

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің бұрынғы қарсыласы, неміс боксшысы Эдуард Гуткнехтке 25 мың еуро сыйлады деп хабарлайды NUR.KZ, Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Головкин бас-ми жарақатының ауыр зардабын тартып жатқан Эдуард Гуткнехтке қолдау білдіру үшін Германияның Гифхорн қаласында қайырымдылық кешіне қатысқан.

Қайырымдылық кеште Эдуард Гуткнехтке түскен 50 мың еуроның 25 мыңын Головкин сыйлаған. Жиналған қаржы Эдуардтың отбасына тапсырылады.

Головкин өзін жеңген боксшының отбасына 25 мың еуро сыйлады (фото)

Гуткнехт боксшы Джордж Гроувзбен өткен 12 раундтық жекпе-жекте қатты соққы алған болатын. Айқас аяқталған бойда спортшы киіну бөлмесінен бірден ауруханаға жеткізіліп, оның миына операция жасалды.

Еске салайық, Эдуард Гуткнехт әуесқой бокста Геннадий Головкинді жеңген болатын.
03.10.2017
Вернуться назад