DataLife Engine / Грант 2017 - 2018 иегерлерінің тізімі қашан шығатыны белгілі болды

Грант 2017 - 2018 иегерлерінің тізімі қашан шығатыны белгілі болды

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте биылғы грант 2017 - 2018 иегерлерінің тізімі қашан шығатынын мәлімдеді.

«Грант иегерлерінің тізімі бүгін Білім және ғылым министрлігі және Ұлттық тестілеу орталығының сайттарында шығады. Дүйсенбі күні «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланады. БҒМ сайтынан гранттардың тізімін түстен кейін көруге болады», – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі 2017-2018 оқу жылына арналған күндізгі оқу нысанындағы мамандықтар арасында жоғары білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінгенін мәлімдеген еді.

2017-2018 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі мында жарияланады
10.08.2017
Вернуться назад