DataLife Engine / Ақшасы аппаратпен 5 сағат саналған олигарх мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Ақшасы аппаратпен 5 сағат саналған олигарх мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Ұсталған кезінде үйінен табылған ақшасы 5 сағат бойы саналған Ақтөбенің атақты олигархы уақытынан бұрын бостандыққа шықты. Атышулы Мейіржан Өндіргенов рақымшылыққа ілініп, оның жаза мерзімі қысқартылған деп хабарлайды ктк арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

Ол былтыр 4 жылға сотталған еді. Бастапқыда Өндіргеновке ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, әріптесінің бизнесін бопсалады деген айып тағылған. Бірақ бұл сотта дәлелденген жоқ. Десе де, 5 жыл бойы зейнеткерлер мен мүгедектерді өзіне тиесілі «Автопарк» арқылы ақысыз тасымалдағаны үшін заңсыз субсидия алып келгені анықталған.

Кәсіпкер сол әрекеті үшін бас бостандығынан айырылып қана қоймай, мемлекетке келтірген 900 миллион теңге шығынды қайтаруға міндеттелген болатын. Сол қаржының бәрін Өндіргенов қазынаға уақытылы өндіріп беріпті. Әрі рақымшылыққа ілінуіне түрмедегі үлгілі тәртібі де әсер еткен. Бұрынғы мәслихат депутатының 3 жылға сотталған серіктесі Ербол Әбіл де амнистия бойынша босатылды.
23.07.2017
Вернуться назад