DataLife Engine / Назарбаевтың жерде жатқан суреті желідегілердің ашуын туғызды (фото)

Назарбаевтың жерде жатқан суреті желідегілердің ашуын туғызды (фото)

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылында президенттің суреті жерде тапталып жатыр. Суретті ақтөбелік журналист Асқар Ақтілеуов 6 шілде күні түсірген деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Instagam желісінде жарияланған сурет көпшіліктің наразылығын тудырды. Президенттің туған күнінде жерде жатқан Нұрсұлтан Назарбаевтың суретіне жергілікті билік назар аудармаған.

Айта кетейік, Instagram желісіне жүктелген сурет Кеңқияқ ауылындағы тәрбие ошағының жанында түсірілген.
12.07.2017
Вернуться назад