DataLife Engine / Үш баласымен түскен суретін көрсеткен Роналду жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Үш баласымен түскен суретін көрсеткен Роналду жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Португалия құрамасы мен мадридтік "Реал" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду әлеуметтік желілерде ұлы және жақында дүниеге келген егіз балаларымен түскен суретін жариялады деп хабарлайды NUR.KZ, vesti.kz сілтеме жасап.

Суретте 33 жастағы шабуылшы бір баласын ұстап отыр, ал екіншісін ұлы ұстаған. "Бақыттымыз", - деп жазды спортшы.

Бірнеше сағаттың ішінде сурет Instagram желісінде төрт миллионнан аса лүпіл жинап, сан мыңдаған пікірлер жазылған. Бұл сурет басқа да әлеуметтік желіде үлкен танымалдыққа ие болды.

Үш баласымен түскен суретін көрсеткен Роналду жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Роналдуға егіздерді АҚШ-та тұратын суррогат ана босанып берген. 8 маусымда дүниеге келген қыз бен ұлға Матео және Ева деген есімдер берілген.
05.07.2017
Вернуться назад