DataLife Engine / Ел асыға күткен Головкин-Альварес жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды (видео)

Ел асыға күткен Головкин-Альварес жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды (видео)

Бүгін T-mobile аренасында өткен Сауль Альварес пен кіші Чавес арасында өткен жекпе-жек аяқталғаннан кейін Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйекке белгіленді деп хабарлайды NUR.KZ, prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Головкин бүгін осы бокс кешіне арнайы келген болатын. Кездесу соңында НВО арнасының тілшісі оны рингке шақырып, жекпе-жектің 16-шы қыркүйек күні өтетінін мәлімдеді. Осыған дейін екі боксшы ұзақ уақыт бойы келісімге келе алмаған болатын.

Сонымен қатар, бұл келісім бүгінгі жекпе-жектің нәтижесіне де байланысты болды. Айта кетейік, бокс кеші Лас-Вегаста өтеді.

[media=https://www.youtube.com/watch?v=__LJBRtzAgs]

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Сауль Альварес 12 раундқа созылған жекпе-жекте отандасы кіші Чавестен басым түскен болатын.
07.05.2017
Вернуться назад