DataLife Engine / Ұшаққа билетсіз кірген Төреғали бір жылға түрмеге түсуі мүмкін (видео)

Ұшаққа билетсіз кірген Төреғали бір жылға түрмеге түсуі мүмкін (видео)

Осыдан біраз уақыт бұрын ұшақ бортына билетсіз өткен Төреғали Төреәлі осы әрекеті үшін екі миллион айыппұл төлеуі немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды "Астана" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көліктегі ішкі істер департаменті қылмыстық кодекстің 392 бабының 1 бөлігі бойынша іс қозғалғанын мәлім етті.

Ал заңгер Сергей Уткин Төреғалидің бұл қадамға амалсыз барғаны анықталса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын айтты.

"Заң тілінде "қылмысқа амалсыздан барды" деген түсінік бар. Алайда жақыны өмір мен өлім арасында жатса, ол шекарадан да аттап кетеді. Осы қылмысқа шарасыздан барса, күдіктіні қылмыстық жауапкершіліктен бостуға болады", - деді заңгер.

Айта кетейік, бұл шу 13 қыркүйек күні КС 929 "Алматы-Гонконг" бағытындағы халықаралық ұшақта орын алған еді.

Кейін әншіні бортқа рұқсатсыз өткізген әуежай қызметкерлеріне айыппұл салынды.

Жолаушыларды 18 минутқа кешіктірген әншінің даулы мәселесі желіде қызу талқыға түсіп, тергеу жұмыстары басталды.

Төреғалидің ісі қасақана заңсыз шекарадан өту фактісі бойынша тексеріліп, қылмыстық іс қозғалды.

Көп ұзамай әншінің әкесі Төреғалидің атышулы оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ, әншінің көпшіліктің көзіне көріне бермейтін анасы ұлының даулы оқиғаларына қатысты түсініктеме берді.

Авторы: Р. Асқарбекұлы
16.10.2018
Вернуться назад