DataLife Engine / Апатқа ұшыраған Ернар Айдар есін жиды (фото)

Апатқа ұшыраған Ернар Айдар есін жиды (фото)

Жол апатына ұшыраған Ернар Айдар есін жиді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы әнші Бағлан Әбдірайымов өзінің желідегі парақшасына жазды.

"Ернар бауырымызға кіріп шықтық. Алаңдайтын ештеме жоқ. Алла қаласа 10-15 күнде "аттай" шауып кетеді!", - деп жазды ол.

Белгілі болғандай ол Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханада жатыр.

Естеріңізге салсақ, Ернар Айдар сәуірдің 12-сінен 13-не қараған түні жантүршігерлік жол апатына ұшырап, бірнеше күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан. Оның директоры Жазира Еркін оның жағдайы бірқалыпты екенін айтқан болатын.


Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
14.04.2017
Вернуться назад