DataLife Engine / Ірі астероид Жерге жақындап келеді

Ірі астероид Жерге жақындап келеді

JO25 астероиды 2017 жылдың 19 сәуірінде Жерге барынша жақындайды. Оның диаметрі 1,5 шақырымға дейін жетеді. Бұл туралы NASA ғарыш агенттігінің қызметкерлеріне сілтеме жасап baq.kz хабарлады.

Астероид Айға дейінгі бес есеге жуық жақын қашықтықта жақындайды, бұл өте қауіпті қашықтық саналады екен. Астрономдардың пікірінше, 2014 жылы ашылған JO25 Жермен соқтығысуы екіталай, бірақ олай деп кесіп айтуға да болмайды.

NASA-ның мәліметінше, мұндай ірі нысан біздің ғаламшарымызға жақын келмегеніне бірнеше ондаған жыл өткен. Келесі жолы кем дегенде төрт ғасырдан кейін қайталануы мүмкін екен.

20 сәуірге қараған түні JO25 астероидын Жерден тамашалауға болады. Ол үшін дүрбі пайдалану керек.
06.04.2017
Вернуться назад