DataLife Engine / Алматылық жезөкшелер клиенттерінің аяғын сүюге де мәжбүр болатынын айтты(фото)

Алматылық жезөкшелер клиенттерінің аяғын сүюге де мәжбүр болатынын айтты(фото)

Елімізде жезөкшелікпен айналысу заңсыз болып саналады. Бірақ заң тыйым салғанына қарамастан түнгі көбелектер өз жұмыстарын жалғастыруда деп хабарлайды NUR.KZ.

Мұндай қызметті көрсетушілермен күресу үшін тәртіп сақшылары түнгі рейдтер жүргізіп тұрады. Сол уақытта жұмыстарын тоқтатқан қыздар біраздан кейін бұрынғы әдеттеріне қайта басады.

Алматылық жезөкшелер клиенттерінің аяғын сүюге де мәжбүр болатынын айтты(фото)

Осындай рейдтердің бірінде жезөкшелердің бірі қызметтерінің құны 3 000 теңгеден басталып, 15 000 теңгеге дейін баратынын айтқан.



Қыздардың түр-әлпетіне қарай бағасы да өседі. Бір түнге ақшасын төлеген адам жезөкшемен қалағанын жасайды. Кейде ең сорақы фантазияларын жүзеге асыратындар да бар екен.



Он жыл бойы тәнін саудалап жүрген әйел неше түрлі жағдайдың куәсі болғанын айтты.

"Клиенттер әр түрлі болады, кей жігіттер дөрекі болса, енді біреулері нәзіктік танытып жатады. Мұндай сәттерде өзіңнің жезөкше екеніңді ұмытып, махаббатпен айналысасың", - дейді Маргарита.



Түнгі көбелектердің көпшілігі оңтүстіктің жігіттеріне қызмет көрсетуден қорқатын болып шықты.

Біріншіден, еркектер көп дөрекілік танытып, ойына келгенін жасатады.

Кейбіреулер өзін хан санағысы келіп, интимді жерін ғана сүйгізіп қоймай, аяғын сүюге мәжбүрлейді. Сондай-ақ, көптеген еркектер кір шұлықпен жүреді екен.
19.03.2017
Вернуться назад