DataLife Engine / Түркістандық мұғалімдерге белгісіз өзбек әншісінің концертіне күштеп билет алғызып жатыр (фото)

Түркістандық мұғалімдерге белгісіз өзбек әншісінің концертіне күштеп билет алғызып жатыр (фото)

Түркістандық мұғалімдерді қаланың осы жылы түркі әлемінің мәдени астанасы болуына орай көше бойын сырлап, сурет салып шығуға міндеттеген. Сондай-ақ, әкім қалаға Наурыз мерекесіне келетін туристердің шығынын мұғалімдердің қалтасынан өтеуді талап етіп отыр, деп хабарлайды nur.kz.

Осыны айтып, портал редакциясына хат жолдаған мұғалім жұмысынан айырылып қалам ба деген қауіппен өзінің есімін жасырын ұстағанды жөн көрді.

Түркістандық мұғалімдерге белгісіз өзбек әншісінің концертіне күштеп билет алғызып жатыр (фото)

"Бізде бəрі шындықты ашып айтуға қорқады. Мен өзім мұғаліммін. Жалғызбасты анамын. Жұмысымнан айрылып қалғым келмейді. Сіздерге айтайын дегенім, биыл Түркістан түркі халықтарының мәдени астанасы атанды.



Соған орай қалада жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Ал сол жұмысқа сабағын, бала-шағасын тастап, еш ақы төлемей мұғалімдер жегілуде. Суық күнде бізді бүкіл көше бойын сырлап, сурет салып шығуға міндетті. Əкім тапсырмасы солай.




Тағы бір мәселе, Түркістанда өтетін Наурыз мерекесі ерекше болмақ, оған туристер келеді екен. Ал сол келген туристерді тағы да мұғалімдер күтіп алмақ. Əр мектепке 20 туристен бөліп беріпті. Олардың жолының, тамағының, қонақ үйінің ақшасы мұғалімдердің мойнында. Əр мұғалім 3-4 мың теңгеден беру керек. Ол да əкімнің тапсырмасы. Газет-журналын былай қойғанда, айта берсең күнде ақша жинау. Өзбекстаннан əнші келіпті.



Барлығы өзбек тілінде жазылған билеттер. Оны əр мұғалім алуға тиіс екен. Барғың келе ме, келмей ме - сұрамайды. Бағасы 1500-2500 теңгеден. Сонда 60-70 мың теңге айлық алатын мұғалімнің ақшасы неге жетпек?!. Бала-шағаның жүріс-тұрысы, дүкендегі қарыз, кредит, билет, пəтер ақы, жолақымыз тағы бар. Мұғалім робот па сонда, қалай ойлайсыздар?!", - деп жазады ашынған ұстаз.

NUR.KZ тілшісі көше сырлауға мұғалімдерді тарту жағдайы бойынша Түркістан қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне хабарласты. Мекеме маманының айтуынша, бұл жағдай демалыс күндері жалпы қалалық сенбілік кезінде болған.

"Демалыс күндері қалада сенбілік ұйымдастырылады. Оған мұғалімдер ғана емес, басқалары да қатысты", - деді Әбутәліп Асанов.
16.03.2017
Вернуться назад