DataLife Engine / Бағым Мұхитденова: Бақытбек Баянды кез-келген еркектен қызғанатын

Бағым Мұхитденова: Бақытбек Баянды кез-келген еркектен қызғанатын

Бірнеше әннің авторы, танымал продюсер Бағым Мұхитденова өзінің әпкесі Баян Мақсатқызының жаңа ғашығын оның өмірлік махабатына теңеді деп хабарлайды nur.kz.

"Бақытбек - үлгілі әке. Баянды кез-келген еркектен қызғанатын. Мысалы, менің күйеуім басқа әйелге ғашық боп қалса, мен оны қанша сүйсем де амалсыз жіберер едім. Себебі, адамды күшпен ұстап тұру мүмкін емес", - деп ойын бүкпестен жеткізген Бағым әпкесі Баянның жаңа ғашығы туралы өз пікірін білдірді.

Бағымның айтуынша, Тұрсынғали Алагөзов - танымал продюсердің көңілдесі емес, өмірлік махаббаты көрінеді.

Бағым Мұхитденованың Баян туралы не айтқанын толығырақ КТК арнасынан сенбі күні сағат 17:00-де көрсетілетін "Instaлайық" бағдарламасынан біле аласыздар.
14.03.2017
Вернуться назад