DataLife Engine / Баян Есентаева өзінің ҰБТ сұрақтарына енгені туралы не айтарын білмей отыр

Баян Есентаева өзінің ҰБТ сұрақтарына енгені туралы не айтарын білмей отыр

Атышулы қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы Ұлттық тестілеу орталығы дайындаған ҰБТ тапсырмаларының ішінде жүрген Нұртас Адамбай, Ермек Тұрсынов секілді танымал тұлғалар мен өзі жайлы сұрақтарға қатысты пікірін білдірді деп хабарлайды nur.kz.

«Мен өмірімде алғаш рет не деп пікір айтарымды білмей отырмын. Министр өз ісін жақсы біледі деп ойлаймын, сондықтан келісуге тура келеді. Ақыры жаңалықтардың 20 пайызы менің есіміммен қатысты екен, онда, оқушылардың емтихан тапсырғанда іштері пыспайтын болады», - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, биылғы түлектерге арналған тестке атақты продюсер туралы сауалдың енгізілуі қоғамда қызу талқыланған болатын.

Ал, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев болса тестілеуге Баян Есентаеваға қатысты сұрақтың не үшін енгізілгендігін журналистерге түсіндіруге тырысқан.
05.03.2017
Вернуться назад