DataLife Engine / Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты тергеу жұмыстары аяқталды

Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты тергеу жұмыстары аяқталды

Миллиондарды қалтасына басты деп айыпталған халық артисі Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты тергеу жұмыстары аяқталды. Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап 31 арна хабарлады.

Естеріңізге салсақ, Тұңғышбай Жаманқұловқа, Гауһар Ысқақоваға, Наталья Юдинаға және басқа да тұлғаларға қатысты "Феникс" көркем фильмінің өндірісіне бөлінген 69 миллион теңгені талан-таражға түсірді деген айып тағылған болатын.

Жаманқұлов аталмыш картинадағы негізгі рөлдердің бірін сомдап, продюсерлік етуге тиіс болған. Алайда қаражат мәселесіне байланысты түсіру жұмыстары сол күйі басталмаған еді.

Актер өз кінәсін мойындап, тергеу амалдары кезінде 6 миллион теңгені қайтарып үлгерді.

"Іс материалдары процесс қатысушыларына танысуға берілді, одан кейін қылмыстық іс айыптау актісімен Алматы прокуратурасына қарауға және күдіктілерді сотқа беру үшін жіберіледі", - деді Ұлттық бюроның тергеу департаменті басшысының орынбасары Олеся Кексель.

ФОТО BAISTARS.KZ, Дереккөз: 31 канал
19.01.2017
Вернуться назад