DataLife Engine / Назарбаев 32 адам ажал құшқан апатқа байланысты әріптесі Атамбаевқа көңіл айтты

Назарбаев 32 адам ажал құшқан апатқа байланысты әріптесі Атамбаевқа көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстан президенті ұшақ апаты салдарынан Бішкек қаласының маңында көптеген адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша қырғыз халқына көңіл айтты.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Boeing 747 жүк ұшағы Бішкек түбінде апатқа ұшырады, ұшақ Гонконг-Бішкек рейсін орындауға тиіс болатын. Апат салдарынан экипаж мүшелері мен ұшақ құлаған саяжай тұрғындары қаза тапты.
16.01.2017
Вернуться назад