DataLife Engine / Қазақстандық тұрғын әкесінен "Айфон 7-ні" несиеге алуды талап еткен қызға күйінді

Қазақстандық тұрғын әкесінен "Айфон 7-ні" несиеге алуды талап еткен қызға күйінді

Бес жыл бойы ұстап жүрген ұялы телефоны сынып, басқасын алуға техника дүкендерінің біріне барған қазақстандық тұрғын ондағы бойжеткеннің әрекетіне қатты күйінген. Бұл туралы NUR.KZ порталы ikerim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мен дүкен аралаған кезде, ылғи қасымда бір жас қыз бен орта жастағы ер адам жүрді. Əңгімелерін тыңдамайын десем де, ашулы қыздың дауысы қатты шыққандықтан, амалсыз естуіме тура келді:

- Иə, папа! Маған тек осы Айфон 7 ғана керек!
- Қызым-ау, мынауың тым қымбат екен, өзіңнің айфон 6 да жаман емес қой.
- Папа, қалай түсінбейсің сен?! Біздің универде барлығында Айфон 7! Мен ғана жүрмін бейшара сияқты айфон 6-мен!
- Жарайды, қызым, көрейік, жүре ғой, ана кредит беретіндерге жолығайық, маған беретін шығар?

Мен таң қалдым. Əкесі мен қызы. Қыздың үстінде қымбат шуба, қолында маникюр, қасы татуаж, өзін керемет сұлу деп санайтыны көрініп тұр. Ал əкесі? Əкесі ауыр жұмыстан белі бүкірейген, үстіндегі дублёнкасы өте ескі, жылуы да шамалы шығар, басында тозған тымақ, аяқта пима", - деп әңгімесін бастады Ақсұңқар Әубәкірова есімді тұрғын.

"Артынан əкесі келеді, басы төмен салбырап, сабақтан «екі» алған оқушы сияқты. Мен ұялы телефон таңдап тұрған жерге келді", - деп жалғастырды ол.

Бұл қыз қай жігіттің соры болады?

"Əкесіне бұл жерде де несие берілмейтін болды. Өйткені оның ауылда мал бағып, алатын айлығы 30 мың теңге екенін естідім. Ал қызының айфонына 289 мың керек еді. "Айфон 6 -ны Айфон 7-ге ауыстырып беретін жер бар ма ?" деп сұрады байқұс əке… Әкесі қызының бар қылығын орындауға дайын. Бірақ дəл осы қызы кейін ата-анасына қалай қарайды? Бұл қыз қай жігіттің соры болады?", - деп сауал тастады Ақсұңқар.

Əдемі кірпік, татуаж, маникюр, қымбат шуба

"Əдемі кірпік, татуаж, маникюр, қымбат шуба, айфондардың қандай еңбекпен келіп жатқанын бұл қыз түсінбейтініне өз көзім жетті. Адамдар айфон алмасын демеймін, алсын əрине, бірақ өз еңбегіне жəне өз мүмкіндігіне қарап алсын... "Əке-шеше қадірін балалы болғанда білерсің" деген ұғымды бұл қыз бала кейін балалы болғанда түсінеді деген үміттемін", - деп ойын түйді Әубәкірова.
16.01.2017
Вернуться назад