DataLife Engine / Арғын мен Дулат Қазақстандағы ең саны көп ру атанды

Арғын мен Дулат Қазақстандағы ең саны көп ру атанды

Stan.kz 2013 жылдан бері Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессоры Баян Рақышев жүргізген зерттеудің нәтижесін жариялайды.

Қазақстандағы ең саны көп Орта жүз (4 681 000 адам), екінші орында – Ұлы жүз (3 618 700 адам), ал үшінші орында – Кіші жүз (2 521 900 адам).

Ал ең саны көп рулардың көшін Арғын бастап тұр. Олардың саны 2 090 000 адам. Одан кейін Дулат (1 390 000) пен Байұлы (1 120 000) орналасқан.

Сан жағынан әлеуетті рулардың қатарына Найман (940 000), Әлімұы (811 900), Қоңырат (690 000), Қыпшақ (640 000), Жетіру (580 000), Жалайыр (485 000), Қаңлы (380 000), Керей (341 000), Албан (325 000), Шапырашты (290 000) және Ысты (225 000) кірген.

Ал ең саны аз рулар: Суан (165 000), Ошақты (160 000), Сіргелі (160 000), Уақ (160 000).

Арғын мен Дулат Қазақстандағы ең саны көп ру атанды

Зерттеу қорытындысы бойынша, 1916 жылдан бері басқаларға қарағанда Суан (4,2 есе), Шапырашты (4,14), Албан (4,06), Қыпшақ (4), Жалайыр (3,73) руларының саны артқан. Ал Байұлы (1,34), Әлімұлы (1,6) және Жетіру (1,61) руларының аз өсімдері олардың 30-жылдардың бас кезінде Түркіменстан, Ресей, Өзбекстан аумақтарына жаппай қоныстанып кеткендігімен байланыстырылған.
09.05.2017
Вернуться назад