DataLife Engine / Роналду тағы да «Алтын доптың» иегері атанды

Роналду тағы да «Алтын доптың» иегері атанды

Mundo Deportivo басылымының хабарлауынша, France Football журналы бастаған қазылар алқасы 2016 жылғы «Алтын доп» жүлдесінің иегерін анықтады деп хабарлайды 24.kz.

Жүлде Португалия құрамасының атақты форварды Криштиану Роналдуға табысталатын болды.

Естеріңізге сала кетсек, биыл Роналду Еуропа чемпионаты мен Чемпиондар лигасын ұтып алды. Жалпы «Алтын доп» жүлдесін табыстау құқығы осыған дейін біршама уақыт бойы ФИФА-ның құзіретіне берілген еді.

Жуырда бұл мәртебе France Football журналына қайтып берілді.
30.11.2016
Вернуться назад