DataLife Engine / Месси өз командаластарына қатты өкпелеп қалған

Месси өз командаластарына қатты өкпелеп қалған

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2018 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде командасының Бразилиядан 3-0 есебімен ұтылғанына ренжулі.

Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

"Басыңда дұрыс ой болмаса, аяғың бағынбайды. Аргентина құрамасының ойыншылары бұл жағдайды түзеуі керек. Біз өте маңызды қарсыласпен күрестік. Бразилиялықтардың бірінші голына дейін алаңда тең ойын болған. Ал екінші гол ауыр тиді, бағытымыздан жаңылып қалдық. Аргентина әлі де болса өз ойындарының нәтижесіне тәуелді, бірақ бұдан әрі қарсыластарымызға ұпай сыйлай алмаймыз", - деді Месси.

Қазір Бразилия 24 ұпаймен Оңтүстік Америка командаларының арасында бірінші тұр, Аргентина болса алтыншы орында.

ФОТО: SPORTS.RU
13.11.2016
Вернуться назад