DataLife Engine / Қытайда қалыңдық ақша үшін қонақтарға омырауынан ұстауға рұқсат еткен (видео)

Қытайда қалыңдық ақша үшін қонақтарға омырауынан ұстауға рұқсат еткен (видео)

Ақша төлесеңіз, қалыңдықтың омырауынан ұстай аласыз: қытайлық қалыңдық той үстінде ақша үшін қонақтарға омырауынан ұстауға рұқсат берген. Ол мұндай қадамға бал айына қажетті қаражатты жинау үшін барған.

Солтүстік Қытайда түсірілген видео бойынша тойға келген қонақтар кезекке тұрып, қалыңдықтың омырауынан ұстайды. Әрине, тегін емес. Шетелдік басылымның хабарлауынша, жиналған қаражат жас жұбайлардың бал айына жұмсалған екен.

Әзірге шулы оқиғаның бас кейіпкерінің кім екені белгісіз. Десе де видеоны тамашалаған көрерменнің пайымынша, қалыңдық маскарад костюмін киіп алған және бұл видео Тайландтағы қытайлар көп баратын түнгі клубтардың бірінде түсірілген.

Қытайда қалыңдық ақша үшін қонақтарға омырауынан ұстауға рұқсат еткен (видео)

Әр адам омырауынан ұстап, қалыңдықтың «той көйлегін» төмен қарай сырғыта түскен. Мұның бәрі суретке түсу үшін жасалған. Алғашқы адамның бойжеткеннің омырауынан ұстамас бұрын қолма-қол ақша бергенін көруге болады. Ол уақытта өзге меймандар билерін жалғастырған. Ақшасын төлеген мейман қалыңдықың көйлегін төмен сырғытып, омырауынан ұстап суретке түскен. Одан кейін өзінің басын бойжеткеннің төсіне қарай түсіріп, тағы да бірнеше кадр жасаған. Бірнеше секундтан кейін бойжеткен ақшасын дайындап тұрған келесі қонаққа қарай бұрылады.

Тек әзірге видеоның нақты қай жерде түсірілгені белгісіз.

[media=https://www.youtube.com/watch?v=OFz4eSC85xY&ab_channel=GreezyTV]
12.10.2016
Вернуться назад