DataLife Engine / Қазақстанның оқушылары "фаст-фуд" жеуде алдына жан салмай келеді

Қазақстанның оқушылары "фаст-фуд" жеуде алдына жан салмай келеді

Қазақстанның оқушылары дұрыс тамақтанудың маңызын біле тұра, "фаст-фуд" пен шоколад жеп тоқ басуды әдетке айналдырған.

Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Danone компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады. Danone компаниясы жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, Қазақстан мектептеріндегі барлық оқушылардың тек 26%-ы ғана тоқ басар ретінде жеміс-жидек пен көкөніс пайдаланатын көрінеді.

Сондай-ақ сауалнамаға қатысқан балалардың 80%-дан астамы олардың пайдасы жөнінде құлағдар. Сүт-айран өнімдеріне келетін болсақ, оларды оқушылардың тек 15-17%-ы ғана тұтынады. Бір өкініштісі, балалардың аңсары көп жағдайды шоколад (53%) мен "фаст-фудқа" (43%) ауып тұрады екен.

Осы орайда, сауалнамаға 50 мемлекеттік мектептің оқушылары қатысқанын айта кету керек.
30.08.2013
Вернуться назад