DataLife Engine / Отандық әнші жомарт табынушысынан $100 мыңның сыйлығын алды

Отандық әнші жомарт табынушысынан $100 мыңның сыйлығын алды

Қазақстандық орындаушы Луина ерекше сыйлық тарту етілді. Оған асыл тұқымды құлынды жаңа бейнебаянының түсірілімі кезінде қырғыз атбегі сыйлаған көрінеді деп жазады season.kz.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда жас әнші Ыстықкөл жағасына барып әніне клип түсірген болатын. Режиссердің жоспарлауы бойынша, әнбаянның басты кейіпкері ретінде әнші, табиғат аясы және асыл тұқымды жылқы алынуы тиіс еді.

Алайда, жағалауда тек серуендегенде мінетін аттар ғана жүргендіктен, ойлағандары іске аса қоймаған. Мұны естіген қырғыз атбегі дереу көмекке келіпті. Екі жастағы құлынды түсірілім алаңына жетелеп әкелген жомарт жан оны ойланбастан әншіге тарту етті.

Америкадан әкелген жануардың құны 100 мың доллар тұрады. Расымен, Қамбар ата түлегінің бабы да оңай емес екен. Оған 4 адам күтім жасайды.

Күтпеген сыйға риза болған Луина көрермендеріне кішкентай құлынды жаңа клиптен көре алады деп отыр.
30.08.2013
Вернуться назад