Тасмағамбетов оқушыларға шығармашылық ойлау дағдыларын үйретуді ұсынды » ZHARAR © 2016 | Тасмағамбетов оқушыларға шығармашылық ойлау дағдыларын үйретуді ұсынды , казакша жаналык Тасмағамбетов оқушыларға шығармашылық ойлау дағдыларын үйретуді ұсынды, білім күніне дайындық Тасмағамбетов оқушыларға шығармашылық ойлау дағдыларын үйретуді ұсынды, свежие казахском новости Тасмағамбетов оқушыларға шығармашылық ойлау дағдыларын үйретуді ұсынды




  • »

Тасмағамбетов оқушыларға шығармашылық ойлау дағдыларын үйретуді ұсынды

Астанада ағылшын тілі бірінші сыныптан бастап негізгі мектеп бағдарламасына енгізіледі. Бұл туралы ҚР БҒМ жауапты хатшысы Әлия Ғалымоваға сілтеме жасап astana.kz мәлімдеді.

"Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүргізіліп жатыр. Биыл қыркүйек айынан бастап білім саласында бірінші сыныптарда ағылшын тілін енгізу бойынша пилоттық жоба қолға алынады", - деді тамыз конференциясы барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Әлия Ғалымова.

Қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов өз кезегінде, оқу барысында инновациялық технологияларды пайдалану үшін мектеп оқушылары шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуы тиіс екенін атап өтті.

"Шығармашылық ойлау дағдысы болмаса, заманауи технологиялар жасау мүмкін емес. Бала дұрыс ойлап, сараптай білуі керек. Олар ақпаратты деректерден айыра білуі тиіс, ал оны мектепте берілетін базалық білім ғана үйрете алады", - деді ол.

Сонымен қатар, қала басшысы қазақ тілін оқытуды дамыту қажет екенін атап өтті.

"Қазіргі уақытта қазақ тіліндегі мектептер, газет-кітаптар, телебағдарламалар көп, бірақ тілді дамыту үшін кең аудитория керек. Қазақ тілін оқыту әдістемесін әзірлеу керек", - деді елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов.



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 2 669
Жаңалық айдары: Қоғам, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .