Ресей шенеуніктері үшін шетелдік шоттарға тыйым салынды » ZHARAR © 2017 | Ресей шенеуніктері үшін шетелдік шоттарға тыйым салынды, казакша жаналык Ресей шенеуніктері үшін шетелдік шоттарға тыйым салынды, свежие новости на казахском Ресей шенеуніктері үшін шетелдік шоттарға тыйым салынды, новости Ресей шенеуніктері үшін шетелдік шоттарға тыйым салынды




  • »

Ресей шенеуніктері үшін шетелдік шоттарға тыйым салынды

Жоғары лауазымды ресейлік шенеуніктер өздерінің мемлекеттік қызметтерін жоғалтып алмас үшін шетелдік шоттардан арылатын соңғы күн аяқталды.

Фото: drive2.ru
Фото: drive2.ru

Ағымдағы жылдың 19 мамырында қабылданған заңға сәйкес, жоғары лауазымды шенеуніктерге, парламентшілерге, судьяларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және мемлекеттік қызметшілердің өзге де санаттарына ақша қаражаттарын РФ аумағынан тыс орналасқан шетелдік банктерде сақтауға, шет ел мемлекеттерінің мемлекеттік бағалы қағаздарын, облигацияларын, акцияларын иемденуге тыйым салынады - деп хабарлады baq.kz.

Аталмыш санаттағы мемлекеттік қызметшілер РФ аумағынан тыс жерде жылжымайтын мүлікке ие бола алады, бірақ ол міндетті түрде декларацияланған болуы тиіс.

Заңға бағынбау Федерация Кеңесінің мүшесі, Мемлекеттік Дума депутаты, федералды судья өкілеттігін мезгілінен бұрын тоқтатуға, сондай-ақ алып отырған қызметінен босатуға алып келеді. Заңның тыйымдары сондай-ақ аталған мемлекеттік тұлғалардың жұбайлары мен кәмелетке толмаған балаларына таратылады.



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 2 179
Жаңалық айдары: Әлемде, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .