Отандық көлік алушыларға демеу қаржы қарастырылмақ » ZHARAR © 2016 | Отандық көлік алушыларға демеу қаржы қарастырылмақ, Отандық көлік алушыларға демеу қаржы қарастырылмақ казакша жаналык, қазақша жаңалық Отандық көлік алушыларға демеу қаржы қарастырылмақ, свежие новости на казахском Отандық көлік алушыларға демеу қаржы қарастырылмақ




  • »

Отандық көлік алушыларға демеу қаржы қарастырылмақ

Отандық көлікті тізгіндеуге отанымыз көмектесе ме? Жуырда Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау отандық көліктерді сатып алуға мемлекет демеу қаржы қарастыратыны туралы айтып қалды.

Яғни, тұтынушыға түсетін несие салмағы қазына есебінен жабылуы мүмкін. Бұл идея қазақстандық авто-бизнес қауымдастығына жағып отыр. Ал тиімділігі бойынша сарапшылардың пікірі әртүрлі.

Қазақстандағы  машина жасау саласы өкілдерімен кездесуде айтылған ұсынысқа қатысты сарапшылар мен автоөндіріс мәселесімен шұғылданушы мамандардың  пікірлері әрқилы. Бастама мақсаты айқын біріншіден, отандық автоөндіріске серпін беру, екіншіден ішкі өнімнің халыққа қол жетімді болуына жол ашу. Деректерге сүйенсек, соңғы жылдары қазақстандық автоөндірістің сауда көлемі едәуір жақсарған.

"Өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы сатылған отандық автокөліктер саны 84836-ға жетті. Яғни былтырғы жылдан 74 пайызға жоғары. Бұл еліміздің азаматтары отандық көліктерге үлкен қызығушылық танытып отырғанын білдіреді. Жоба егер үкімет тарапынан қолдау тапса, ішкі өндірісті ұлғайтатын маңызды алғышарттардың бірі болар еді", - дейді сату орталығы бөлімінің басшысы Нұрғазин Айдос.

Талқылауға түскен ұсыныс "Өнімділік-2020" бағдарламасы бойынша іске асуы мүмкін. Отандық көлікті несиеге алып, үстеме ақыны мемлекетпен бөлісу былайша жүзеге аспақ.  Айталық сіз несиеге 15 пайыздық үстеме бағаммен көлік алдыңыз. Жоба механизмі бойынша, банк немесе несиелік ұйым белгілеген сол үстеме пайызды төлеуге мемлекет жәрдемдеседі: 8 пайызын сатып алушы өзі төлесе, 7 пайызы мемлекет есебінен жабылады.

Мемлекет ай сайын пайыздық мөлшерлемедегі айырманы тікелей төлем арқылы аударады.

Әйтсе де отандық автокөліктің өтімділігін несиелік жеңілдіктер арттыра алмайды, одан да бағасын арзандатып, қолжетімді етудің басқа жолдарын қарастыру керек", - дейді автомобиль нарқы бойынша сарапшы Сұңқар Жұртбай.
 
"Бүгінгі күні отандық автокөліктер құрастыру зауыттары ірі агрегаттарды құрап отыр. Қазақстанда жасалған тетіктері кемде-кем. Сондықтан бюджеттік қаржыны жеке адамның несиесін төлеуге емес отандық автокөлік кәсіпорындарын дамытуға жұмсаса, дұрыс болар еді", - дейді "Колесо Астаны" газетінің бас редакторы Сұңқар Жұртбай.

Ал экономист мамандар отандық көліктердің ішкі нарықта кең сатылмауының тағы бір себебі, өнімнің сапасына байланысты екенін айтады. "Екінші деңгейлі банктер, соның өзінде, тұтынушыға қымбат үстемақымен ұсынып отыр. Отандық автозауыттар өнімнің баға­сына қарай лайықты сапа деңгейін де сақтауы тиіс", -  дейді Бауыржан Мұратбекұлы.

"Бізден шығатын автокөліктердің барлығы да 100 пайыз шетелдік үлкен автоконцерндердің өнімдері. Яғни біз осы Қазақстандық өнеркәсіп қуаттылыққа жету үшін біз 40-60 пайызға жетуіміз керек. Бір көлік шығару кезінде 40 пайызға дейін сондағы автобөлшектерді, яғни доңғалағын, болттарын, шыны әйнектерін өзіміздің шағын кәсіпорындарға тапсырыс беретін болсақ, біз үлкен әлеуметтік мәселені шешер едік", - дейді экономика ғылымдарының доценті Бауыржан Мұратбекұлы.

Отандық өндірісті жан­дан­дырғысы келетін кез-келген ел ішкі нарықты ынталандыру тәсілдеріне жүгінеді. Автоны тұтынушыға мемлекеттік қолдау есебінен сату ұсынысы да сондай тәсілдің бірі. Қалай десекте, бұл жобаның тағы бір пайдасы бар. Бастама іске асса, қазақстандықтар міністен қалған ескіні емес, "Қазақстанда жасалынған" су жаңа көлікті тақымдамақ. Ал отандық автомобиль шығарушылар өз өнімдерін еуро-3 және еуро-4 стандарттарына сәйкестендірген. Демек, көлік көбірек жаңарса, қоршаған ортаның да тынысы кеңейер еді.   



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 2 373
Жаңалық айдары: Экономика және бизнес, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .