"ВКонтакте" Сноуденді жұмысқа шақырды

"ВКонтакте" Сноуденді жұмысқа шақырды

"ВКонтакте" әлеуметтік желісі АҚШ арнайы қызметінің бұрынғы агенті, қуғындағы Эдвард Сноуденге қызмет ұсынды.

Ресейлік РБК Daily басылымының хабарлауынша, бұл туралы "ВКонтакте" компаниясының директоры Павел Дуров мәлімдеген.

Сноуденнің өзі бұл шақыртуға қалай қарағаны белгісіз. Сарапшылар "ВКонтакте" Сноуденді жұмысқа алса, компания Батыс елдеріндегі бизнесінде кедергілерге тап болуы мүмкін деп болжайды.

Эдвард Сноуден АҚШ барлау қызметтерінің телефон байланыстары мен интернетті бақылайтын арнайы бағдарламасы туралы құпия ақпараттарды жариялаған. АҚШ үкіметі оған "тыңшылық жасады" деген айып тағып, іс қозғаған.

Ресей билігі 1 тамызда Эдвард Сноуденге бір жылға уақытша баспана берді.

Бұдан соң ол 23 маусымнан бері тұрып келген Мәскеудің Шереметьево әуежайындағы халықаралық транзиттік аймақты тастап шығып, Ресей аумағына кетті. Қазір Сноуденнің қай жерге орналасқаны белгісіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!